10
май
2023
Мейірім-жүректен
Мейірім-жүректен” атты айлық іс-шара жоспары негізінде, құқық бұзушылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы , өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау, құқықтық сауатылықтарын арттыру және әлемжеттікті болдырмау мақсатында құқықтық сағат ұйымдастырылды. Кездесуге Еңбекші аудандық прокуратурасының аға прокуроры Жузбаев Ахмет Турсыналиевич келіп, оқушыларға кәмілетке толмағандар арасында жиі кездесетін қылмыстардың алдын алу және болдырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.