09
декабрь
2019
Қазыбек би атындағы №36 ЖОББМ-нде "Шымкент қайырымды қала" акциясы аясында жас маслихат депутаттарының жастармен кездесу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қазыбек би атындағы №36 ЖОББМ-нде "Шымкент қайырымды қала" акциясы аясында 9, 10, 11 сынып оқушыларымен жастар арасындағы өзекті мәселелерін тыңдап шешуге ықпал ету мақсатында жас маслихат депутаттарының жастармен кездесуін өткіздік. Жас депутат, мектебіміздің түлегі Т. Шайдуллин қонаққа келіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларымызбен сұрақ-жауап дебат өткізді. Кездесу соңында мектебіміздің мақтанышы маслихат депутатымызбен суретке естелікке түсіп, қимастықпен қоштасты. 


