26
январь
2023
КІТАПХАНА - БІЛІМ КІЛТІ
Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым-болашағым» жобасы аясында, мектебіздің оқушылары Абай кітапханасына экскурсия жасады.
Экскурсия мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау.
Жаңарған Абай кітапханасында оқушылар кітапхана қызметі, жаңа әдебиеттер, коворкинг орталығының жұмысымен танысып, кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптар жөнінде мағлұматтар алды.